«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық материалдардың өзектілігі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

 

2026 жылғы 4 қарашада «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамында қызметкерлердің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараны Қоғамның вице-президенті А. Ескермесов ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінің маңыздылығына тоқталды.

Семинар барысында Қоғамның комплаенс бөлімінің бастығы К. Калимбетов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық материалдардың өзектілігі» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 30 маусымдағы №927 Жарлығына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктерінің қайта бөлінуіне байланысты ақпараттық материалдарды қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру мәселелері түсіндірілді.

Атап айтқанда, мекемелерде орналастырылған ескірген логотиптері, байланыс деректері мен өзектілігін жоғалтқан мәліметтері бар плакаттарды, жадынамаларды, брошюраларды және электрондық материалдарды анықтап, алып тастау қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, «Таразэнергоорталық» АҚ-ның әкімшілік ғимаратындағы ақпараттық стендте орналастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы көрнекі материалдардың маңызы атап өтілді. Аталған материалдар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын насихаттауға және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар болуға бағытталған.

Сондай-ақ, 1424 Call-орталығы арқылы құқық бұзушылықтар туралы хабарлау тәртібі түсіндіріліп, ақпараттық стендтер мен электрондық ресурстардағы мәліметтерді тұрақты түрде тексеріп, уақытылы жаңартып отыру қажеттігіне назар аударылды.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Семинар-кеңесті қорытындылаған Қоғамның вице-президенті А. Ескермесов баяндамашыға құқықтық түсіндіру жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу және атқарылған жұмыстарды ақпараттық ресурстарда жариялау жөнінде тиісті шешімдер қабылданды.

«Таразэнергоорталық» АҚ-да мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және еңбек ұжымында адалдық, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.