«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына төнген қауіп»
«Таразэнергоорталық» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті
2026 жылғы 9 маусымда «Таразэнергоорталық» АҚ-да қызметкерлердің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараны «Таразэнергоорталық» АҚ техникалық директорының орынбасары А. Ескермесов ашып, қатысушыларға семинардың маңыздылығын атап өтті.
Семинар барысында комплаенс офицері К. Калимбетов «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына төнген қауіп» тақырыбында баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет дамуына тигізетін кері әсері, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың түрлері, олардың туындау себептері мен салдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, заңнама талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру, қоғамдық бақылауды күшейту және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Баяндамашы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Мұндай іс-шаралар ұжым арасында адалдық, ашықтық және заңдылық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді құралдардың бірі болып табылады.

