24.01.2024 жылы «Таразэнергоорталық» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша жүйелі жұмыстар туралы», «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау,  қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2024 жылға жұмыс жоспары, Саясат, нұсқаулық қайта бекітілуі туралы» тақырыптарда  жиналыс өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші және екінші сұрақтар бойынша «Таразэнергоорталық» Акционерлік Қоғамының комплаенс офицері Ахметов Алихан Акпанович сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаты мен міндеттері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу және ұйым мен оның лауазымды тұлғалары үшін теріс салдарларды болдырмау, оның ішінде қылмыстық қудалау түрлері туралы айтты.

Сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялар — жеке және заңды тұлғалар үшін әкімшілік кедергілерді алып тастауға, рұқсат беру құжаттарының санын және оларды беру мерзімдерін қысқарту болып негізделеді. Артық қызметтерді алу процестерін автоматтандыру және оңтайландыру, олардың қол жетімділігін арттыру және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты болдырмау керек. Басты мақсат: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту жөніндегі комплаенс офицерлерінің жұмысын күшейтуге және тоқсан сайын атқарылған жұмыс туралы есеп беріп, бұл жұмысқа жүйелі түрде қарауға шақырды. Бұл ретте, бірінші басшылар бөлімшелерде жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін дербесті түрде жауапты болатыны ескертілді.

Жиналыс қорытындысымен, комплаенс офицерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2024 жылға жұмыс жоспарын, Саясатты, нұсқаулықты қайта бекітуді, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексімен барлық қызметкерлер қол қою арқылы қайта танысуды, аталған кодекс қызметкерлер тарапынан сақталуы қатаң бақылауға алуды, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық фактілерінің орын алуына жол берілмеуі туралы жұмыстарды жалғастыру туралы шешім қабылданды.