Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының 1.2 тармағының орындалуы бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша 20.10.2025 жылы комплаенс офицері А.Ахметов, «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамы қызметкерлеріне құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді, нормативтік құқықтық актілердің талаптары талқыланды.
Іс-шарада баяндамашы, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор екенін, халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет екенін, конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылатынына аса мән беруге шақырды.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын, сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз екендігін алға тартып, сондықтан да осы зұлымдықпен күресу басты мақсат болып табылатындығын жеткізді.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқтығын айта келе, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың жолдарын, мысалдар келтіре отырып түсіндірді.
Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша мысалдар келтіре отырып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

