Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының 1.2 тармағының орындалуы бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша 17.07.2025 жылы комплаенс офицері К.Калимбетов, «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамы қызметкерлеріне құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді, нормативтік құқықтық актілердің талаптары талқыланды.

«Таразэнергоорталық» АҚ-ның комплаенс-офицерінің мақсаты — қызметкерлер арасында ашықтықты, адалдықты қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және ішкі корпоративті мәдениетті қалыптастыру бойынша міндетті нормативтік талаптарды және үздік халықаралық тәжірибені сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан шығын (зиян) тәуекелдерін барынша азайту мақсатында жағдайлар жасалатынын атап өтті.

Комплаенс офицерлері  «Таразэнергоорталық» АҚ-ның оңалту басқарушысының бұйрығымен тағайындалатынын, соған сәйкес, комплаенс офицерлері тікелей «Таразэнергоорталық» АҚ-ның оңалту басқарушысына ғана бағынатынын жеткізді. Осыған байланысты, «Таразэнергоорталық» АҚ-ның кез-келген қызметкерлері төмендегі деректер туралы жазбаша немесе ауызша өтініш жібере алатындарын айтты:

  • «Таразэнергоорталық» АҚ-ның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері туралы;
  • «Таразэнергоорталық» АҚ-ның қызметкерлерінің қатысуымен болған сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы;
  • «Таразэнергоорталық» АҚ-ның қызметкерлерінің қатысуымен туындаған мүдделер қақтығысы туралы;
  • «Таразэнергоорталық» АҚ-ның этикалық нормаларын бұзуы туралы.

Өтінішті анонимді түрде беруге болатыны және де барлық өтініштер міндетті түрде қаралатынын және ескерілетінін жеткізді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша мысалдар келтіре отырып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.