23.09.2024 жылы «Таразэнергоорталық» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу», ««Таразэнергоорталық» АҚ қызметкерлері арасында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету туралы» тақырыбында сабақ өтті.
Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша «Таразэнергоорталық» Акционерлік Қоғамы комплаенс офицері А.А.Ахметов, «Таразэнергоорталық» АҚ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жасап, ұжым қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімділіктің қалыптастырылуы, орындалуы комплаенс офицері тарапынан қатаң тексерілетінін айта келіп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру барлық қызметкерлердің басты мақсаты екенін айтып, мысалдар келтірді.