2025 жылдың шілде айының 17 жұлдызында, Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» «Діни экстремизмге қарсы насихат» бөлімінің инспекторы И.Мурзахметовпен, «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамында, қоғам қызметкерлеріне «Дін және заң» тақырыбында дәріс оқылды.
Кездесу барысында діндердің пайда болу тарихы, дәстүрлі дін және дәстүрлі емес діндерді ажырату жолдары, дін саласына қатысты заңдар барысы сөз етілді.
Сондай-ақ, Қоғамдағы конфессияаралық және дінаралық қатынасты сақтау, радикалдық діни идеологияны алдын-алу, діни сауаттылықты қалыптастыру және интернет желісіндегі күмәнді діни парақшаларға тіркелмеу мен қоса дін ұстанушылар арасынан радикалды көз-қарасты тұлғаларды анықтауға бағытталған құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Күн тәртібіндегі тақырып бойынша баяндамашыға сұрақ-сауалдар қойылып, тиісті жауаптар алынды.
Қоғам қызметкерлері, баяндамашыға жүргізген құқықтық түсіндірме жұмыстары үшін алғыстарын білдірді.