Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының 1.2 тармағының орындалуы бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша 04.06.2025 жылы комплаенс офицері А.Ахметов, «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамы қызметкерлеріне құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді, нормативтік құқықтық актілердің талаптары талқыланды.
Ең алдымен, Комплаенс-қызмет жұмысының басты қағидаты – оның офицерлері тәуелді болмауы және өз ұйымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сіңіріп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болып табылатынын жеткізді.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оның алдын алудың заманауи әдістерін қолдану басты міндет болып табылатынын, осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап, кеңінен тоқталып өтті.
Комплаенс-қызметі жұмысының сапасына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2024 жылдың қорытындысымен жүргізілген ішкі талдауларға тоқталып, орын алған құқық бұзушылықтардың тәуекелдері мен нәтижелерін алға тартып, мұндай заңсыздарға жол бермеуге шақырды.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті қоғам басшысынан төмен лауазымдарды атқаратын жауапты қызметкерлері де сыбайлас жемқорлық тәуекелдері субъектілеріне жатқызылатынын, бұл бағытта құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қатаң жауаптылыққа тартылатыны туралы мысалдар келтіре отырып, ескертулер жасады.