22.05.2024 жылы «Таразэнергоорталық» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен, «2024 жыл 01 тамыздан бастап квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайларының кірістері мен мүлкілерін жалпыға бірдей декларациялау туралы» «Таразэнергоорталық» Акционерлік Қоғамы қызметкерлері ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша жүйелі жұмыстарының жүруі туралы» тақырыбында сабақ өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші және екінші сұрақтар бойынша «Таразэнергоорталық» Акционерлік Қоғамы комплаенс офицері А.А.Ахметов:

ҚР Қаржы министрлігі жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге қатысты бес институционалдық реформаны және ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында 2024 жылдың 01 тамызнан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жергілікті  салық органдарына табыс етуге міндетті екенін хабарлады.

Алдаға іс-шараның маңыздылығын және ерекше бақылауда екенін ескере отырып, «Таразэнергоорталық» Акционерлік Қоғамының мекеме басшыларының, қызметкерлері мен олардың жұбайларының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (270.00-формасын) 100% тапсыруын қамтамасыз етуді сұрады.

«Таразэнергоорталық» Акционерлік Қоғамының комплаенс офицерлерінің басты мақсаты: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып саналатынын тағы-да қайталап айтып қызметкерлерге жеткізді.

Өткізілген сабақтың қорытындысымен, «Таразэнероорталық» АҚ мекеме басшыларының, қызметкерлері мен олардың жұбайларының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (270.00 формасын) 2024 жылдың қазан айына дейін 100% тапсырылуын, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық фактілерінің орын алуына жол берілмеуі туралы жұмыстар жалғастырылуы тиіс екендігі туралы шешім қабылданды.