Басты бетЖаңалықтар

Бүгінгі Президент жолдауында не айтылды?

Салынған күні: 01.09.20


1. 2020 жылы мемлекеттік қызметкерлер саны 10%-ке, 2021 жылы 15%-ке қысқартылады. Үнемделген қаржы есебінен мемлекеттік қызметкерлер жалақысы өседі.

2. Мемлекеттік қызметтегі жауапты хатшылардың қызметі тоқтайды. Қаржылық шешімнің барлығына министр өзі жауап береді.

3. Жер шетелдіктерге сатылмайды.

4. Пандемия кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнеске субсидия беріледі. Осы мақсатта бюджеттен 200 млрд теңге бөлінеді.

5. ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 35%-ке жеткізу, осы саладағы еңбек етуші халықтың үлесін 4 млн-ға шығару керек.

6. ҚазАгро мен Бәйтерек ұйымдары біріктіріліп, Даму қоры құрылады. Қызметкерлер саны 50%-ке қысқарады.

7. Келесі жылдан бастап тұрғын үй алу, емделу мен білім алу мақсатында азаматтар зейнетақы қорындағы қаржысының бір бөлігін пайдалана алады.

8. 2021 жылдан бастап мұғалімдер жалақысы 25%-ке өседі.

9. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы елдегі орташа жалақыдан екі есе көп болады.

10. Келесі жылдан бастап судьялар мен депутаттардың шетелдік банктерде есеп шот ашу мен жылжымайтын мүліктері сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің бақылауында болады.

11. Келесі жылдан бастап ауыл әкімдерін халық сайлайтын болады. Ауыл әкімдеріне өз бюджеті беріледі.

12. Көшелерді жыл сайын жөндей беретін жобалар тоқтатылады.

13. Маслихат депутаттары петиция арқылы қол жинап, жергілікті жердегі мәселелерді көтере алатын тетіктер қарастырылады.

14. Маслихат отырыстары онлайн көрсетілетін болады.

15. Онлайн петиция іске қосылып, ел азаматтары өзекті тақырыптарды көтере алады.

16. Саяси реформалар жалғасын табады. Демократияның басты жауы білімсіздік пен популизм.


Артыға