Басты бетЖаңалықтар

«Таразэнергоорталығы» АҚ (ТЭО-4): ЖАРЫҚ және ЖЫЛУ

Салынған күні: 11.08.20

     БІЗ ЖАЙЛЫ...

         «BB FUTURE ENERGY COMPANY» - еліміздегі әлеуеті жоғары санаулы инвестициялық компаниялар қатарына кіреді. Халықтың тұрмыстық қажеттілігін өтейтін үлкен жобаларды қолға алған компания – заманауи инновациялық технологияларды игерумен, тиісінше қолданысқа енгізумен өз бәсекелестерінен дараланады. Компанияның басқарушы президенті әрі құрылтайшысы – Бақберген Бүлдешұлы Мәуленов.

         Қазақстан Республикасының Қаулысына сәйкес Қаржы министрлігімен 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында «ТаразЭнергоОрталық» АҚ-ның 100 пайыз мемлекеттік пакет акциясын сату бойынша электронды сауда өткізілді. Нәтижесінде компания жеңімпаз атанып, аталмыш акционерлік қоғам тікелей теңгеріміне өтті.

         «ТаразЭнергоОрталығы» АҚ Тараз қаласындағы тұрғындардың 80 пайызын, заңды тұлғалардың 20 пайызын жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын 1963 жылы құрылған. Жарты ғасырдан астам ел игілігі үшін қызмет етіп келе жатқын кәсіпорынның 80 пайызы тозған және істен шыққан. Енді міне, «BB FUTURE ENERGY COMPANY» - ның иелігіне өткен кәсіпорын қайта жанданып, жұмыс ауқымы кеңейе түсті. Сондай-ақ электр энергиясын өндіру көлемі  артып, «EXPO ENERGY KZ» еншілес кәсіпорны арқылы заңды тұлғаларға өткеріледі. 

         Әлбетте, шатқаяқтаған шаруаны аяқтан тік тұрғызып, кідірген кәсіпорынды қайта түлету оңай шаруа емес. Осы мақсатта орталықтың Басқарма төрғасы Бақберген Бүлдешұлының жаңашыл бастамасымен, небәрі екі жылдың ішінде ауыз толтырып айтарлықтай талай тындырымды тірліктер атқарылды. Ең әуелі кәсіпорынның техникалық базасын қайта жабдықтау қолға алынып, тозығы жеткен құрал-жабдықтар ауыстырылды. Ол үшін бір миллиардтан астам қаражат жұмсалды. Бұл қаржыға бір қазандық толық қайта жарақтандырудан өткізілді. Сондай-ақ ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қайта жарықтандыру жұмыстарының жүйелі әрі қарқынды жүргізілуіне байланысты кәсіпорын 2019 жылды 132 миллион теңге таза табыспен аяқтады.  

        Қайта жарықтандыру жұмыстары толық аяқталған соң, кәсіпорын сағатына 120-150 мегаватт электр қуаты өндіріледі деп күтілуде. Егер жоспар жүзеге асса, бүтін бір облысты электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын толық қайта жарақтандырудан өткізілгенде өнім өндірудің өзіндік құны төмендеп, рентабельді жұмыс жүйесіне көшеді деп күтілуде. Яғни, тұтынушылар үшін жылу, ыстық су және электр қуатының бағасы едеуір арзандайды. Қазірдің өзінде өндірілетін электр қуатының бағасы өзгелермен салыстырғанда 20-30 пайызға төмен бағада өткерілуде.

       «ТаразЭнергоОрталығы» АҚ-да бүгінде 500-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың алаңсыз және өнімді жұмыс істеуі үшін басшылық тарапынан барлық жағдай қарастырылған. Мәселен, 2018 жылы кәсіпорын жұмысшыларының орташа жалақысы 98 587 теңге болса, 2019 жылы ол көрсеткіш  138 753 теңгені құрады. Алдағы жылдары өндіріс орнына шетелдік озық үлгідегі жабдықтар ортылмақ, ал оларды тек білікті мамандар ғана басқара алатыны анық. Осы ретте мамандыққа бейімі бар талапты жастардың бір тобы шетелде біліктілігін арттырып жатыр. Бұл да өз кезегінде компанияның кадрлық саясатты дұрыс ұстанғандығын көрсетеді.

        Сонымен қатар, кәсіпорын ауласын абаттандыру мен көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу мықтап қолға алынған. Оны Сыпатай батыр көшесіндегі әкімшілік ғимарат алдында жайқалып тұрған гүлзарлар мен жасыл желектен көруге болады. Мекеме ауласына 4800 дана алма, алмұрт, шие және өрік тал көшеттері отырғызылған.

        Қазақта «Кең болсаң – кем болмайсың» деген жақсы сөз бар. Осы бір ауыз сөздің толықтай үдесінен шығатын іскер басшы, атпал азамат  Бақберген Бүлдешұлы бастаған кәсіпорын қызметкерлері де қала және облыс деңгейіндегі кең ауқымды қайырымдылық іс-шараларына барынша ат салысып келеді. Атап айтқанда, Ұлы отан соғысы ардагерлері мен мүгедектер, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға ұдайы қаржылай және материалдық көмек көрсетіп тұрады. Әсіресе, бұрын «Тектұрмас» тарихи этно-мәдени кешенінде қордаланған қарыз бойынша сөндірілген жарықтың ақысын өтеп, қайта қосқан кәсіпорынға ардагерлер алғысын жаудырды. Көне Тараз шаһарын көркейтуге өзіндік үлесін қосуды мақсат тұтқан кәсіпорынның жүйелі жұмысына тұтынушылары да дән риза.


Артыға